«Кальмар ойыны» - фильм бе, ойын ба, әлде қауіп пе?
«Кальмар ойыны» белгілі кореялық телехикаяның жауыз кейіпкерлерін Павлодар көшелерінде де кездестіруге болады. Көрермендер арасында кең талқыға ие сериал, тик-ток әлеуметтік желісіндегі жаңа трендтер басталуына себеп болып, қан, жауыздық пен қорқынышты сахналарымен кішкентай балаларға да қолжетімді бола бастады. Танымалдылыққа асыққан отандастарымыз да сериал желісін біздің көрермендерге ұсынуда.
Сериал желісі бойынша «Кальмар ойынына» қарызға белшесінен батқандар, үлкен ақшалай жүледеге талас жүргізеді, ал жеңілгендерді өлтіреді. Балалар болса шын өмірде сол кейіпкерлерге еліктеуге тырысады. Сондықтан мұғалімдер мен ата-аналар ғаламтордан төнген қауіпке бірге қарсы тұруға шақыруда. Мәселеге қатысты ой білдірген павлодарлық психологтер телехикаяның ересектерге арналғандығын негізге алу керек дейді.
- Бұл жерде адам өлтіру мен бұл ойынды насихаттау дәріптеліп жатқан жоқ. Адамгершілік, ақша үшін қандай арам әрекетке баруға болады, қазіргі замандағы несиелерге қарызға бату сияқты өзекті мәселелері көтеріледі. Телехикаяда адалдық, өзгенің өмірін сақтау сияқты жағымды да тұстар жетеді. Бірақ барлығы, тек қан жосаны назарға шығарады. Үлкендерге ойланатын көп дүниені нұсқайды, ал балаларға мүлдем көруге келмейді, - деді психолог Татьяна Кравцова.
Ал павлодарлық жасөспірімдердің көбісі телехикаяны көрген болып шықты. «Кальмар ойыны» жайлы кері пікірлерін білдірді.
- Көрген жоқпын, анам рұқсат бермейді. Бауырларыма да көрмеуге кеңес беремін, - дейді жасөспірім павлодарлықтардың бірі.
Әрине, әлемдегі ең танымал телехикаяның авторлары қатыгездікті негізге алғысы келмей, мақсаттары өзге екендігін айтуда. Балалардың «Кальмар ойынынан» аулақ жүруді қадағалауға кеңес білдірді. Дегенмен, дүкен сөрелерінде бұл ойынға қатысты түрлі киім үлгілерінің ерекше сатылып жатқанын кездестіруге болады.
Авторы: Дархан Бекишев