• Басты бет
  • Қоғам
  • «Келісімшарт сомасын өзгерткен»: Павлодар ауданында лизинг арқылы трактор алған кәсіпкер қарызға батқан

«Келісімшарт сомасын өзгерткен»: Павлодар ауданында лизинг арқылы трактор алған кәсіпкер қарызға батқан

Ауылдық кәсіпкер мемлекет көмегінен соң қарызға батқан. Алтай Қадырбековтың айтуынша ол лизинг трактор рәсімдеген. Келісімшартта бір соманы жазған, ал біраз уақыттан соң миллион теңгеге көп болып шыққан. Ер адам төлеуден бас тартып сотқа жүгінген.

 

Алтай Қадырбеков 2018 жылы Павлодар ауданында ресми түрде шаруа қожалығын ашқан. Бұған дейін 16 жыл бойы бүкіл отбасымен мал өсірумен айналысқан. Бизнесті кеңейткісі келіп, кейін мемлекеттік бағдарламаларды пайдалана бастапты. Бірнеше рет несие алған, алайда соңғысы бойынша мәселе туындап отыр.

 

-Маған техника, трактор қажет боды. Мен «Қазагрофинанс» арқылы лизингке техника «Беларусь 920» тракторын алдым. Біз келісімшартқа, қабылдау актісіне қол қойдым. Мемлекет қайтаратын 30 пайыз субсидияға өтінім бердім,-дейді шаруа қожалығының басшысы Алтай Қадырбек.

 

Тракторды жеткізгенімен ер адам оны пайдаланбайды. Несие компаниясында келісімшартқа қол қойғаннан кейін қосымша құн салығы сомасын төлеу керектігі есіне түскен. 1 миллион 200 мың шыққан. Нәтижесінде бастапқыда барлығы есептеулі болған кәсіпкер қарызға белшесінен батқан.

 

-Мен өзім қол қойған келісімшарт бойынша несиені уақытында жаптым. Ал олар мені уақытында төлемегендіктен үстеме ақы жүріп жатыр деп айтуда,-ддейді шаруа қожалығының басшысы Алтай Қадырбек.

 

Алтай Қадырбеков аймақтық кәсіпкерлер палатасы қолдауымен сотқа жүгінді. Қаржы ұйымынан бастапқы келісімшартты сақтауды сонымен қатар оның несие тарихына түзетулер енгізуді сұрайды. Іс экономикалық соттың қарауында.