• Басты бет
  • Қоғам
  • «Крещение» мерекесінде суға түсетін арнайы ойықтар болмайды

«Крещение» мерекесінде суға түсетін арнайы ойықтар болмайды

Сенімге сәйкес мереке қарсаңында суға түскендер барлық күнәдан арылып, сырқатынан айығады екен. Себебі дұға оқылып су атаулы қасиетті болады. Дегенмен, індеттің таралуына жол бермеу мақсатында биылғы рәсім орындалмайды, - дейді мамандар.

 

- Мыңдаған адам келіп, тіпті діни көз қарасы бөлек адамдар да келіп сол суға түсуді дәстүрге айналдырған. Сол себепті көпшіліктің арасында вирустың таралмауына жол бермеу, адамдардың денсаулығын сақтау мақсатында биылғы «Крещение» рәсімін өткізілмеуін хабарлап отырмыз, - деді Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Закарямов.

 

Ал шіркеулердегі салтанатты мінәжәт ету санитарлық талаптарды жіті қадағалау арқылы өткізілмек. Ғибадатхана қызметкерлері суға түсудің міндетті емес екенін айтты. Облыс аумағында арнайы орындар дайындалған жоқ. Шаһардың бас санитарлық дәрігері тұрғындардан рұқсат етілмеген жерлерде өз бетінше суға түспен абзал деді. Ал ТЖ мамандары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшетіндерін мәлімдеді.