• Басты бет
  • Қоғам
  • «Кітап деген мұхит бар» мектепішілік байқауының нәтижесі белгілі болды

«Кітап деген мұхит бар» мектепішілік байқауының нәтижесі белгілі болды

Жобаның басты мақсаты - балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болды. Кітапқа деген махаббатарын көрсетуге ниет білдіргендер бұл мектепте аз емес. Қатысушылар бірінші кезеңде тест тапсырмаларын орындаса, келесіде берілген мәтіннің мазмұны мен идеясын ашатын сұрақтарға жауап берді. Шараға бүкіл оқушылар ат салысқан.

 

  • Арасынан суырылып шыққан 26 оқушы келесі кезеңге өтті. Және бүгін марапаттайтын 9 оқушы бұлар жеңімпаз атанды. Нәтижесі біздің оқушыларымыз, біздің жаңағы Қазақстанның, еліміздің ақын-жазушыларының жұмыстарымен танысу. Және кітапқа деген, оқуға деген құштарлығын арттыру болатын,- дейді №7 ЖОББМ басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Меңтай Мұхтарова.

 

Қатысушылар тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізген. Ұстаздары оқушылар екі ай бойы барын салғанын айтады. Бастауыш сыныптар арасынан суырылып шыққан Бекзат Оралбай алған әсерімен бөлісті.

 

- Мақсатым бірінші орынды ұту болды. Және мен он бес жаттау, мазмұндауды мазмұндау болды. Қорқынышсыз қатысып өлеңімді оқып шықтым,- дейді 2 «Ә»-сынып оқушысы Бекзат Оралбай.

 

- Адам сөйлеген сайын, кітап оқыған сайын оның өзінің сауаты ашылады. Өзі рухани жағынан да дами бастайды. Тіл жағынан да молаяды,- дейді 9 «А»-сынып оқушысы Мадина Ошал.

 

Мадина байқауда бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Іріктеуден өткендер де назардан тыс қалған жоқ. Ал жеңімпаздар енді республикалық кезеңде бақтарын сынайды.

 

Авторы:Альфия Омарова