«Көшемізді қашан қалпына келтіреді?»

2019-шы жылы Қамзин көшесімен жаңа Достық ауданына коммуникациялар тартылған болатын. Бүгінде алпауыт қазған жерлерді абаттандырды. Алайда, адамдардың айтуынша, жұмыстарды соңына дейін аяқтамаған. Мәселен, Валентина Иванова жаяжолдар мен кесілген ағаштарды орнына қайтаруды талап етуде.

 

- Бұл жерде ешкім ештеңе істемеуде. Жолды ретке келтірген. Ал жаяу жолдар ше? Дәл осы жерде адам жүретін жол болды. Қазып тастап, солай қалдырып кеткен. Абаттандыру дегенімен тек жол ғана емес, жақын маңайдағы жаяжолдарды да ретке келтіру керек қой. Мұнда 6 пирамида тәріздес ағашты зақымдады, - дейді Қамзин көшесіндегі №364-үйдің тұрғыны Валентина Иванова. 

 

 

Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар Ладожская көшесінде асфальт болмауына байланысты қоғамдық көлікпен жүре алмауда. Жақын аялдамаға шығу үшін Назарбаев даңғылына жүруге тура келеді. Қала әкімдігінде Достық ауданындағы көпқабаттылардың құрылысы аяқталғанан кейін ғана, абаттандыру жұмыстары басталатынын мәлімдеді.

 

- Асфальт салу жұмыстары Ладожская көшесіндегі №1 және 12 көпқабаттылардың құрылысы аяқталғаннан кейін басталады. Жаяужолдар да сол уақытта қалпына келтіріледі, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Әкімдікте мәлімдегендей Қамзин-Ладожская көшелерінің қиылысы абаттандырылады, алайда биыл емес. Тұрғындардың қолайлығы үшін коммуналшылар уақытша қиыршықтас себеді.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.