«Көзімше баланы қағып кете жаздады»
Нұркин, 70 мекенжайындағы аталмыш алаң 2 жыл бұрын пайда болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оның құрылысы сапасыз жүргізілді. Бүгінде онда не жарық бағаналары, орындықтар және қоқыс жәшіктері жоқ. Алаңға апаратын жаяужол да қарастырылмаған. Оған қоса, кіші формаларды жолдың жиегіне орнатқан екен.
- Бір баланы менің көзімше көлік қағып кете жаздады. Балақай бұл ағаштардың ортасынан атып шықты. Жүргізуші жас болған. Ол тежегішті қатты басып, дөңгелегі жер астына кіріп кете жаздады. Балалар алаңы үшін бұл өте қауіпті жер, - дейді Нұркин көшесіндегі №70-үйдің тұрғыны Зоя Моторенко.
Жергілікті тұрғындар кем дегенде жолға жасанды бөгет орнатуды сұрайды. Алайда, мәселені толықтай шешу үшін алаңды басқа жерге ауыстыру қажет деген ойда. Адамдар нысанды тапсырған мердігерді жұмыстарын толықтай аяқтауға шақырды.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.
