«Майдан жолы» жасағы Молдова еліне жол тартады

-24 шілде күні біздің қазақстандық жауынгерлердің құрметіне граниттік ескерткіш орнатпақпыз. Өзімізбен бірге туған жердің яғни Павлодардың  топырағын арнайы капсулаға салып алдық. Сондағы екі апта ішінде біз басқа да жауынгерлердің сүйегін көтеруді көздеп отырмыз, - деп хабарлады «Майдан жолы» іздеу жасағының командирі Александр Шитов.

 

Іздеу жасағының құрамында қатарында металлургтер, оқытушылар мен студенттер бар.  Мұнда жастар еріктілер қатарында  мұрағаттан қазақстандық жауынгерлер туралы ақпарат жинауға көмектесіп, тарихи оқиғалармен жіті танысады.

 

 

«Мен тарихи орындарға бара жатқаныма қуаныштымын. Себебі біздің жауынгер аталарымыз бейбітшілік үшін жан беріп, ерлікпен қаза тапқанын жастар жақсы білуі тиіс деп ойлаймын, - дейді студент Богдан Кортунов.

 

«Майдан жолы» жасағы құрылғалы оның мүшелері басқа елдердің іздеу жасақтарымен бірге соғыста ерлікпен қаза тауып, сүйегі жат жерде қалған 268 сарбазды анықтаған. Оның ішінде жетеуі қазақстандық болып табылады. Бұл ретте Кеңес Одағының жауынгерлеріне 20-дан астам ескерткіш орнатылған.

 

Бибінұр Хамитқызы