• Басты бет
  • Қоғам
  • «Майдан жолы» іздеу жасағы Павлодар әкімдігінен көмек сұрайды

«Майдан жолы» іздеу жасағы Павлодар әкімдігінен көмек сұрайды

12 жылдан бері Павлодардағы қарапайым зауыттықтар, «ERG» компаниясы тобының қызметкерлері көктем сайын жұмыстарын тастап, Ұлы Отан соғысының қанды қырғындары өткен жерлерге барып, Қазақстандық жауынгерлердің сүйегін тауып, қайта жерлеп, Батырларды өз отандарына оралтуды қалайды. Мамыр айының басында «Майдан жолы» жасағы Ленинград облысында жұмыс жасаған болатын. 

 

 

- Біз үшін бұл шараның маңызы өте жоғары. Сондықатн біз 4 қаланы бауырластар жасауды ұйғардық. Қала басшылары да келісіп отыр. Олар кезедсуге қуана келісіп, ескерткіштің ашылуына қатысты. Алайда Павлодар қаласының әкімдігі келе алмады, нәтижесінде аталмыш меморандумға қол қойылған жоқ, - деді «Майдан жолы» іздеу жасағының командирі Александр Шитов.

 

 

Іздеушілер қалалық әкімдіктен көмек сұрайды. Күзде ғылыми архив жұмыскерлерімен, жауынгерлердің туыстарымен және барлық қала өкілдерінің қатысуымен ғылыми конференция ұйымдастырмақ. Қатарында павлодарлықтар да ерлік көрсеткен 314-атқыштар дивизиясы майдангерелерінің туыстары да бар. Сол кезде шамамен 11 мың жауынгер аттанған, 1945 жылдың аяғында елге тек 4 мыңнан астамы ғана оралған. 

 

 

- Жас ұрпақ соғыстың ауқымы қандай болғанын көруі тиіс. Бұл соғыста халық қаншама шығынға ұшырады. Оның үстіне Мәскеу мен Ленинградтағы шайқастарға қатысқан  биыл 314 атқыштар дивизиясына 80 жыл, - деді «Қазақстан әскери күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Жан Каратаев.

 

 

- Бұл жұмыс кешенді жүргізілуі үшін біз комиссия құрдық. Олар павлодарлықтардың  ҰОС жылдарына қатысуы мен олардың есімін мәңгілік сақтау үшін қажет, - деді Павлодар облысы әскери-патриоттық тәрбие қауымдастығының төрағасы Олег Николашин.

 

 

Конференцияға дейін Молдова Республикасына бармақ. Онда біздің жерлесіміз Қанаш Қамзин аам сенгісізқ ерлік жасаған. Ал ғылыми конференцияны ұйымдастыру жұмыстары күн сайын жүргізілуде. Бұл іздеушілер үшін өте маңызды. Біздің жауынгер бабаларымыздың ерлік тарихында ақ таңдақтар болмауы тиіс.