«Молком» компаниясы балаларды мерекемен құттықтады
«Молком» компаниясы бүгін балалар мерекесімен қатар сүт күнін атап өтуде. Сондықтан ала сиыр бүлдіршіндердің көңілін көтеріп тәттілер мен шарлар таратты.
«Молком» компаниясының мерекелік шарасы мұнымен шектелмейді. Олар балаларға әлеуметтік желіде конкурс ұйымдастырған. Қорытындысын ертең жарияламақ. Шарттары да қарапайым.
- Олар сиырмен фотоға түсіп, суретті инстаграмға салып «Молкомды» белгілеуі керек. Біз 10 жеңімпазды іріктеп аламыз. Оларға тәтті сүт өнімдерінің жиынтығын дайындап қойдық, - деді «Молком» компаниясының өкілі Лилия Андреева.
Компания өкілдерінің айтуынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты ауқымды шара ұйымдастыру мүмкін болмаған. Дегенмен балаларды сауда орнынан бөлек, орталық саябақта да құттықтады.

