«Нәзік жан»
Мәселен, Татьяна Алегина бас трансформатордың немесе таратудың кез-келген схемасын дәл талдайды. Біздің түсіру тобымыз "Қазхром "ТҰК" АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының электр цехында болды, онда біздің кейіпкеріміз қырық жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді.
-
Біздегі өндіріс жоғары вольтты. Мұнда 10кВт, және розетканы жөндеумен алмастыру екінші жоспарға енеді. Бізде негізінен электрмен жабдықтау 10-6 кВт құрайды. Кернеу жоғары, жұмыс та қарбаласқа толы,- дейді АЗФ БТҚС-1 электрцехының аға КЭМ-і Татьяна Алегина.
-
Ол - біліктілігі жоғары мамандардың бірі. Өз ісіне адал. Жастарға барынша қолдау көрсетіп бар білгенін үйретіп жүреді. Татьяна Михайловнаны бәрі жақсы көреді. Ұжымға сыйлы,- деп атап өтті АЗФ БТҚС-1 электрцехының маманы Денис Примаченко.
Татьяна Алегина бұл зауытта біраз жыл қызмет атқарған. Ал Ақсу ферроқорытпа зауытын оның ата-анасы салған. Тіпті жолдасымен ағасы осында жұмыс жасаған. Татьяна Михайловна оқуын тәмамдағаннан кейін өндіріске бірден келген. Бүгінде №1 бас төмендеткіш қосалқы станциясын электроцехының аға кезекші электромонтері болып қызмет атқаруда.
- Егер қандай да бір штаттан тыс жағдай туындаса, біз не жасау керектігін білеміз. Барлығы автоматты түрде болады,- дейді АЗФ БТҚС-1 электрцехының аға КЭМ-і Татьяна Алегина.
Татьяна Алегина Ақсу ферроқорытпа зауытын екінші үйіндей көретінін жасырмайды. Мамандықты өзгерту ниеті ешқашан болған емес. Тамаша ұжым және сүйікті жұмыс. Біздің кейіпкеріміз бүгінде әйелдер барлық салада бар дейді. Ал көктемнің алғашқы мерекесін Татьяна Михайловна кезекшілікте өткізеді. 8 наурызда аға электромонтер электр энергиясын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді.
Авторы: Елена Белоградова