«Нәзік жан» айдарының кезекті кейіпкері кім?
Ол ине жіптен көрі осы құралдарға жан дүнием жақын деп қалжыңдайды. Кейіпкеріміз мұндағы процестің үздіксіз жүруін қалт жібермей үнемі назарда ұстап отырады. Қызметке келгеніне 10 жыл толыпты. Жымдастыру цехының тасымалдаушысы бұл жұмысқа келуге ағасының кеңесінен кейін бекінген екен. Ол да - өндірістің белді маманы.
- Зауытта еңбек етіп жүргеніме бәрі таңқалады. Дегенмен, жұмысым өзіме ұнайды. Ешқандай қиындығы жоқ. Ұжымның татулығы және сыйластығы өте жоғары. Әрдайым бір-біріне қол ұшын созуға дайын, - деді «Қазақстан алюминийі» АҚ жымдастыру цехының тасымалдаушысы (элеваторшы) Надия Хусаинова.
- Ол өндірістегі ең маңызды қызметті атқарады. Бұл асқан жауапкершілікті талап етеді. Аталмыш процессіз жұмыс жүрмейді. Әлбетте өте ауыр қызмет. Ауысым бар, - деді «Қазақстан алюминийі» АҚ негізгі өндірістік учаскесі жымдастыру цехының шебері Сергей Владимиров.
Надия өзінің жұмысы туралы ағылшын тілінде оңай айтып бере алады. Себебі аруымыздың алғашқы мамандығы шет тілінің мұғалімі. Оны айтарлықтай дәрежеде меңгерген. Бос уақытында репетиторлық қызметпен айналысады. Негізгі тәлімгерлері - өз балалары. Қос перзенті аналарын мақтан етеді.
- Балаларымның жақсы болып өскенін қалаймын. Сол себептен қаталдаумын. Әрқашан мақтан тұтып жүремін, дұрыс тәрбие беруге тырысамын. Әлбеттте балаларым ағылшын тілінен үнемі бес алады. Құрбыларым және туысқандарым да жақсы меңгерген, - деді кейіпкеріміз.
Надия Хусаинова бос уақытын жанұясымен бірге өткізеді. Сондай-ақ серуендеуді де ұмытпайды. Қайсар жан жұмысында да, отбасында да үнемі жарқын көңіл күйінде жүреді.