«Нәзік жан» кейіпкері – бес баланың анасы

Бұл жерде «Еуразиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ мамандығына ең адал жұмыскерлері қызмет етеді. Біздің кейіпкеріміз он бір жыл қатарынан осы жерде тер төгіп келеді. Лауазымы – отын беруші машинисі.

 

- Жұмысымыз ауыр, дегенмен де менің көңілімнен шығады. Басшылық та, ауысым басшысы да түсінігі мол, жауапты, жайдары жандар. Олардың қасында өзімізді сенімді сезінеміз. Жұмыстан бөлек шаңырағым бар, үйіме жөндеу жасап, үйдің тірлігін де қатар атқарамын. Үйім мен балаларыма да аз көңіл бөлмеймін, - деді «ЕЭК» АҚ отын беруші машинисі Лариса Кравец.

 

Ол өзінің ерекші жігерімен басқаларға да күш береді. Әсіресе әріптестеріне қол ұшын созуда аянып қалмайды. Қазақстандағы электр қуатымен қамтамасыз ететін ең ірі кәсіпорындардың бірінде жұмыс жасауының өзі кездейсоқтық еместей.

 

- Біз барлық құрылғыларды жатқа білуіміз керек. Жинайтын, ретке келтіретін шаруалар өте көп. Көзі көрген адам мұндай жұмысқа әйел адам шыдай алмас дейтіні анық. Ал шындығында білесіз бе, ең ауыр еңбектерде көбіне әйелдер барынша шыдамды келеді. Жалпы әйел заты өте мықты ғой. Олар отбасысы үшін бәрін жасай алады, - деді кейіпкеріміз.                       

 

Лариса Кравец – көп балалы ана. Бірінші орында – отбасысы. Бала-шағасы үшін ешнәрседен тайынбайды.

 

- Бес балам бар. Екеуі ер жеткен. Үшеуі әлі кәмелетке толмаған. Олар аналарының түнгі уақытта үйде болмайтынығына үйренген. Үйге келгенде бар жағдайымды жасайды, мен келетін уақытқа барлық асымды дайындап, күтіп отырады, - деді Лариса.  

 

Кейіпкеріміз өз жұмысын ерекше қатты жақсы көретіндігін жасырмады. Ал «ЕЭК» АҚ - ең тату ұжымдардың бірі дейді. Сондықтан әріптестерін ғана емес, бүкіл станцияны қуаттандырып отыруға шамасы жетеді.