«Орбұлақ шайқасы» шабыттандырған шебер

Шебердің кезекті алып композициясында «Орбұлақ шайқасы» бейнеленген. Оны жасау үшін Олег Попов 2 жыл 7 ай тер төккен. Жауһарға мұқият қарасақ, тарихқа үңілуге болады. Орбұлақ шайқасы 1643-ші жылы орын алған. Ол кезде қазақ жауынгерлерінің жасағы Жәңгір ханның басшылығымен эмир Эрдени Батурдың 50 мыңдық әскерін тоқтатқан. Шебер батыл жауынгерлердің әрбір бөлшегіне көңіл бөлген. Ол үшін Баянауылдың әсем табиғатынан шабыт алады.

 

- Мен бұл идеямды басшылыққа ұсындым. Олар қолдау көрсетіп, қажетті қаражат бөлді. Жұмысты орындауға екі жыл жұмсадым. Материалдардан акрил бояуларын және қарағай бұтақтарын қолдандым. Түске ерекше назар аударуға тура келді. Нәтижесінде ол кездегі эмоцияны жеткізу мүмкін болды. Біздің халықтың батыл адамдарына назар аудартқым келді. Жастардың жадында қалады деген сеніммен, - дейді ағаш шебері Олег Попов. 

 

 

Автордың қолынан өткен кез келген ағаш бұтақтары болашақта осындай жауһарға айналады. Шебердің айтуынша, түстер политрасы әртүрлі болуы мүмкін. Өзінің хоббиін зауыттағы қызметімен байланыстыруда. Кәсіпорында оюшы болып еңбек етеді. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап осындай сыйлық жасауды шешкен.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.