«Павлодарда жылу жетіспеушілігі деген мәселе болмауы керек»
Әбілқайыр Сқақов өткен жылу маусымы барлығына сабақ болғандығын атап өтті. Былтыр тек Павлодардың өзінде 300 тұрғын үйде жылу жетіспеу жайттары тіркелген екен. Алпауыттар мен ПИК қызметкерлері кінәні бір-біріне сілтеген еді. Жағдайды түзету үшін бірыңғай қызмет көрсету операторы пилоттық режимде жұмыс жүргізеді. Облыс әкімі мәселеге ауқымды шешім қажет дейді.
- Жылу маусымына дайындық вакцинация және коронавирусқа қарсы күрес сияқты маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда, алға қойған жоспар жайлы айтып өткен жөн. Біздің өңірде жылу электрцентралдарды жаңғыртуды немесе жаңасын салуды қолға алу қажет. Бұл сұрақты мұқият зерттеп, Үкіметпен, энергетика министрлігімен бірлесе отыра шешуге тырысамыз, - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Сонымен қатар облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы барысында Әбілқайыр Сқақов депутаттардың өзге де сұрақтары бойынша жауап берді. Халық қалаулылары ауылдарға қолдау көрсету әр жерде түрлі деңгейде деп алаңдаушылығын жеткізді.
- Бір ауылдарда агроөнеркәсіп те, ШОБ те өркендеуде. Жұмыспен қамту жоғары. Ал кей жерде, іс жүзінде ештеңе де жоқ. Бұдан тұрғындардың ауылдардан кетуі болып отыр, - деді депутаттардың бірі.
- Осы қателер немен байланысты, әрине жобалық сметалық құжаттамалар уақытында дайындалмай жүр. Бұл әрине әкімдердің жауаптылығы. Біз мәселені қадағалап отырмыз. Екіншісі байланыс жоқ. Мысалы республикалық бағдарламаларға бөлінетін қаражатпен ауылдағы бар мәселені шеше алмаймыз. Сондықтан облыстан қосымша қаражат бөлінеді. Бірақ бюджеттің мүмкіндігіне байланысты. Ол шектеулі, - деді облыс әкімі.
Бұдан бөлек, спикер елді мекендердегі ірі шаруа қожалықтары да тұрғындар өміріне жағдай жасауға ат салысу керек екендігін жеткізді. Осы орайда, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында белсенділікті арттыру қажет.