• Басты бет
  • Қоғам
  • «Павлодардағы жылы аялдамалар қалалықтар үшін толық ашық»

«Павлодардағы жылы аялдамалар қалалықтар үшін толық ашық»

Орталық базардағы павильонның іші лас. Келушілер ішінде тамақ қалдықтарын шашып кеткен. Ал Шөкин көшесіндегі аялдама мүлдем жабық. Қала тұрғындары қыс келгеніне байланысты кешендердің қажеттілігі туралы айтты.

- Қазір автоубстар өте сирек жүреді, сондықтан оларды күткенде жылы жерде тұрған әлдеқайда жақсы. Мұндай аялдамалар көп болуы керк, - дейді тұрғындардың бірі.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша Павлодарда 5 жылы аялдама павильоны бар. Олардың көбісі бизнес өкілдеріне жалға берілген. Шенеуніктер барлығы жұмыс істеп тұрғандарын және қала тұрғындары үшін ашық екенін айтты.

- Торайғыров көшесінің бойындағы «Конституция алаңы» аялдамасы және Естай көшесіндегі «Квазар» сауда үйі мекенжайлары бойынша орналасқан екі жылы аялдама Павлодар қаласының ТҮКШ бөлімінің балансында және «ГорСтройKZ» ЖШС 4 жыл мерзімге жалға берілді. Орталық әмбебап дүкені, Естай көшесі бойындағы «Жәрмеңке» аялдамасы және Ак.Шөкин көшесі бойындағы «ПМУ» аялдамаларының жер телімдері уақытша өтеулі қысқа мерзімді пайдалануына және жалға алушының балансында, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

Барлық жылы павильондар ауа баптағышпен, орындықтармен және бейнекамералармен жабдықталған. Меншік иелеріне аялдамаларды тиісті эстетикалық, санитарлық және техникалық ашық күйде болуы туралы хабарлама жіберілді.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.