• Басты бет
  • Қоғам
  • «Педагогикалық ғылым мен практиканың интеграциясы: тенденциялар, мүмкіндіктер мен перспективалар»

«Педагогикалық ғылым мен практиканың интеграциясы: тенденциялар, мүмкіндіктер мен перспективалар»

Кәсіби маман дайындау мектеп қабырғасынан басталады. Осы ойды негізге алған Павлодар педагогикалық университеті мен өңіріміздегі тірек мектептер арасында тығыз байланыс орнату мақсатында мекеме басшылары мен оқыту саласының мамандары бас қосты. Отырыс барысында қазіргі білім беру саласындағы көкейкесті сұрақтар, инклюзивті білім беру, қала және ауыл мектептеріне тереңдетіп оқытатын жаңа пәндерді енгізу сияқты ойлар айтылды. 

 

- Тағы бір айтатыны кіріктірілген жоспар болуы керек. Жаңа өздеріңіз айтып отырсыздар, бір жүйелілік болуы керек, бұл бір реттік шара болмауы керек деп айтамын, - деді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы Самал Айтқазина.

 

 

Кездесуге ұйытқы болған Павлодар педагогикалық унивеситетінің ректоры, басқарма төрағасы – Жанбол Жилбаев. Өз тарапынан барлық шаралар атқарылатынын айтып, қаладағы тірек мектептерімен барынша тығыз байланыс орнатуға құлықты екендігін білдірді.  

 

- Осы мектептермен біз шартқа отырсақ, жаңа тірек мектептері деп айттық қой. Екінші біздің әрбір бағдарлама бойынша, әрбір мектеппен бірге жұмыс істесек, - деді Басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев.  

 

Кездесу соңында кеңеске қатысушылар аймағымыздағы атаулы тірек мектептермен тығыз байланыс орнатылып, білім беру саласында оқушыларды жан-жақты дамытуға зор үлестерін қосатындарын алға тартып, алдағы уақытта осындай кездесулер ұйымдастырудың маңызы зор екендігін айтты.