«Рубиком» компаниясы білім күні қарсаңында мектеп оқушыларына тосын сый жасады
№30 мектепте 578 бала білім алады. Бірінші сыныпқа 60 оқушы келді. Аз қамтылған және толық емес отбасы балаларына «Рубиком» компаниясы қолдау көрсетіп, кеңсе заттарына толып сөмкелер табысталды.
- Оқушыларымызға, ата-анаға болсын үлкен пайда, үлкен көмек, ата-аналар да балалар да ризашылығын білдіріп жатыр. Әкелген рюкзактардың ішінде түгелі оқуға қажетті заттар, балалар өздері ашып, риза болып қайтты, - деді №30 ЖОББМ директоры Ажар Текжанова.
- Мектеп оқушыларына қолдау көрсету біздің жыл сайынғы жұмысымыз. Бірінші кезекте ауыл мектептері. Павлодар ауданында Сосновка, Шарбақты, Мичурино, Черноярка және қалалық білім беру мекемелеріне де көмек жасаймыз, - деді «Рубиком» компаниясының менеджері Лилия Андреева.
«Рубиком» компаниясы тұрмыстық қиындықтар білім алуға еш кедергі келтірмеуі үшін қолдан келгенін істеп, балаларға көмек көрсетеді. Сыйлықтар, балалардың да, ұстаздардың да көңілінен шықты.