«Рубиком» компаниясы екі ауылдың балалары үшін тосын сый ұйымдастырды
Айта кетсек, Павлодарское және Новочерноярка ауылдарында хоккеймен 100-ден астам бала айналысады. Сондай-ақ, жолдастық матч ұйымдастырды.
-
Балалар хоккейін оларға қолдау көрсетке дамиды. Бізге «Рубиком» әрдайым қолдау көрсетеді. Оларға алғысымыз шексіз. Өткен жолы доп таяқ сыйлады, бүгін коньки алып келді,- дейді Павлодарское ауылы хоккей клубының жаттықтырушысы Александар Воробьев.
-«Рубиком» бізге пластикалық доп таяқтарын сыйлады, бұл бізге болған ағаш таяқтардан қарағанда әлдеқайда жақсы»,- дейді Новочерноярка ауылы хоккей клубының жаттықтырушысы Олег Гулый.
Жарыстан кейін балаларды ыстық шәй мен тәттілер күтті. Бұны да «Рубиком» компаниясы ұйымдастырды. Спонсорлар сыйлыққа ақшаларын үнемдемеген. Конькилер ең үздік «Bauer» өндірушісінен, ал доп таяқтарды «Заряд» бренді жасаған.
-
Президент осы жылды балалар жылы деп жариялаған болатын. «Рубиком» компаниясы балалар спортына әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Бүгін де сыйлықтармен келді, алдағы уақытта да ауыл спортын дамытуға септігімізді тигіземіз,- дейді «Рубиком» компаниясының менеджері Лилия Андреева.
Балалар «Рубиком» компаниясына алғысын айтты. «Рубиком» компаниясы үшін бұл ең үлкен алғыс. Сондай-ақ, балалардың спорттық жетістіктеріне де қуанады.