• Басты бет
  • Қоғам
  • «Рубиком» компаниясының өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлықтармен құттықтады

«Рубиком» компаниясының өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлықтармен құттықтады

 

Жеңісті сыйлағандарға фирмалықөнімдерсалынғанүлкенсебеттердайындады. Мария Даниловна Курбатова биыл 99 жасқа толады. Майданда ол мерген болған. Нәзік қыз үлкен мылтықты қалай ұстау керектігін тез үйренді. Жау оны біліп, қорыққан. Чехословакиядағы ең қиын тапсырманы оған сеніп тапсырған екен. Бұл фашистік снайперді бақылап, жою. Ол кеңестік жоғары лауазымды тұлғаларды аңдыған. Бір күні павлодарлық кейіпкеріміз орманда оның атыс нүктесінің ізіне түсіп, бірнеше күн тұтқиылдан өтіп, дәл көздей білді.

 

 

 

-Әрине бізді бірден штабқа шақырып командир алғысын білдірді. Уақыт өте келе «Ерлігі үшін» медалін берді. Бұл менің алғашқы марапатым болатын,- дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Курбатова.

 

 

 

«Рубиком» компаниясы үнемі тыл еңбеккерлері мен ардагерлерді құттықтайды. Бұл біздің оларға деген ашық аспан үшін, олардың еңбегі үшін алғысымыз. Олардың арқасында біз бейбіт және тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз,- дейді «Рубиком» компаниясының менеджері Лилия Андреева.

 

 

 

Мария Даниловнаның немере-шөберелері көп. 9-мамыр күні қонақтарды немен тамақтандырамын деген мәселе жоқ. Тәтті сыйлар үлкен дастархан басында жақындарын біріктіреді.

 

 

 

Авторы:Артем Буланов