«Рубиком» - әр үйге қуаныш!
Наурыз мейрамын тойлауға компанияның қосқан үлесі зор. Әсіресе, жергілікті балалар үшін ойын-сауық бағдарламасымен аниматорлар шақырылды. Сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен зерігу мүмкін емес еді. Ойын мен биден кейін ұл-қыздар демеушіден шоколад алды. Сондай-ақ үлкен-кішіге шығыс жаңа жылының басты тағамы – бауырсақ пен дәмді палау ұсынылды.
-Рубиком компаниясы жыл сайын Наурыз мейрамын тойлауға қатысады. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтау біз үшін де өте маңызды. Әрине, биыл балаларға жақсы көңіл-күй сыйлауға тырыстық. Олардың болашағы қызық-қуанышқа толы болса дейміз,- дейді «Рубиком» компаниясының менеджері Лилия Андреева.
Дәстүр бойынша Наурызда батырлар күш-қуаты мен ептілігін сарапқа салды. Жеңімпаздарды мадақтауды «Рубиком» компаниясы қолға алды.Айта кетейік, компания биыл Павлодар облысының бірнеше ауылында өткен жарыстарға демеуші болды. Жүлделер Ленинский, Сосновка, Воскресенка және Мичурин ауылдарына жіберілді.
Авторы: Александра Петрова