«Сбербанк» Алматыны қалпына келтіруге көмектеспек.

Аймағымыз бойынша банкоматтар мен бөлімшелердің жұмысы қалпына келтірілген. ТЖ режимінде клиенттер банк қолдауынсыз қалмады. Бұған мекемеге ІІД қызметкерлері мен облыс басшылығы көмектескен.

- Қазіргі таңда «Сбербанк» АҚ Павлодар, Ақсу қалалары және Майқайың кентіндегі барлық бөлімшелері мен филиалдары штаттық тәртіпте жұмыс істеуде. Клиенттер үшін несиелендіруден бастап барлығы қол жетімді. Банк тарапынан ешқандай шектеулер жоқ. Сонымен бірге біз заңды және жеке тұлғалар үшін депозиттер бойынша ставкаларды ұлғайттық. ТЖ тәртібі кезінде де павлодарлық филиал өз клиенттеріне толық көлемде қызмет көрсетті, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы «Сбербанк» АҚ ҚБ филиал директоры Александр Калинин.

Сбербанк Алматыны қалпына келтіруге көмектеспек. Бөлінген қаражат сомасы жарты миллиард теңгеден асады. Ал қаржы мекемесінің әрбір қызметкері өзінің бір күндік жалақысын «Жаңа Алатау» қоғамдық қорына аударды.