«Сен жалғыз емессің!»

«Ты не один»  қоғамдық қоры АИТВ-мен ауыратын адамдардың мәселелерімен 2009 жылдан бері айналысып келеді. Локдаун кезеңінде науқастардың көпшілігі жұмысынан айрылды. Қиын сәтте еріктілер көмекке келді. Демеушілік қаражатқа азық-түлік пен жеке гигиена құралдарын сатып алған. Әр жиынтықтың құны - 20 мың теңге. Олар 120 адамға ұсынылды. Бірақ, АИТВ жұқтырған адамдардың әлеуметтік осал жағдайына карантин ғана әсер етпейді. Дерт асқынып, өзге аурулардың пайда болуына әкеліп, көп жағдайда мүгедектікке ұшырайды. Сондықтан науқастар қаржылай қиындықтарға кездеседі. Ал иммунитетті сақтау үшін дұрыс тамақтану маңызды.

 

- Мұндай көмек жүйелі түрде қажет. Осындай ауыр дерттен зардап шегетіндер, ең болмағанда, өмірінің соңғы жылдарында сапалы тамақтану және жақсы өмір сүру мүмкіндігіне қол жеткізу керек, - деді «Ты не один» ҚҚ басшысы Александр Пак.

 

 

3 жыл бұрын Ксения бұл ауруды күйеуінен жұқтырған, бірақ ер адамнан тапқан баласының дені сау. Қазір кішкентайды тәрбиелеп, жатақханадан бөлме жалдап отыр. Айтуынша, жұмыс табу қиын. Себебі дертке шалдыққандығы жұмыс берушілерді қорқытады. Сондықтан  ол кез-келген көмекке қуанышты.

 

- Пакетте 10 кг ұн, 5 литр май. Екі адамға көп нәрсе қажет те емес, әлі азық аяқталған да жоқ. Олар өзіңізді қалай сезінесіз, көмек керек пе деп жиісұрап тұрады. Егер қиындықтар туындаса, олар әрқашан көмектесіп, қолдау көрсетеді, - деді АИТВ дертіне шалдыққан Ксения. 

 

 

Еріктілер қайырымдылық акциялары емделмейтін ауруларға шалдыққандарға керек деп санайды. Бірақ, бірінші кезекте АИТВ-мен өмір сүретіндер қоғамның қабылдауы мен қолдауын қажетсінеді.