• Басты бет
  • Қоғам
  • «Шатырдан су ағып, пәтерімізге зақым келтірілді. Кім жөндейді?»

«Шатырдан су ағып, пәтерімізге зақым келтірілді. Кім жөндейді?»

Адамдардың айтуынша, бүгінде үйдің шатыры мен жертөледегі коммуникацияларды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмсақ жабын демонтаждалып, өткен аптадағы жаңбырдың суы баспанаға кірген.  

 

- Өткен аптада жұмсақ жабынды демонтаждау кестесін ұсынған болатын. Алайда, олар уақытынды жұмыс жасамады. Шатырдың жабыны алынған сәтте жаңбыр жауды. Салдарынан кейбір адамдардың пәтеріне су кірді, - дейді Ак. Бектұров көшесіндегі № 71-үйдің тұрғыны Вадим Жемалудинов.

 

Жаңарту жұмыстарына жауапты серіктестік өкілінің айтуынша, бұл жағдай күтпеген жерден пайда болды. Ауа райының күрт өзгеру мүмкіндігін мердігер алдын-ала білмеген. Шатыр және сыртқы қасбетті жаңартуға 15 миллион теңге жұмсалмақ.

 

- Біз мердігерге келтірілген залалды толықтай өтеу керектігін ескерттік. Әрине, мұнда олардың да біздің де кінәміз жоқ. Кестеден ауытқу бар екенін мойындаймыз. Климатты алдын ала болжау қиынға соғады. Қалған жұмыстарды соңына дейін уақытында аяқтауға тырысамыз, - дейді «Горкомхоз Модернизация жилья» ЖШС басшысының орынбасары Станислав Асонков.  

 

Жаңарту жұмыстарын уақытында аяқтауға тырысады. Жағдай қайталанбас үшін шатыр жабыны кезеңмен демонтаждалып, жаңа материал орнатады. Бүгінде Павлодарда жаңарту жұмыстары 3 көпқабаттыда жүргізілуде.