• Басты бет
  • Қоғам
  • «Таза Қазақстан»: Павлодарлықтар аулаларында ағаш отырғызуды бастап кетті

«Таза Қазақстан»: Павлодарлықтар аулаларында ағаш отырғызуды бастап кетті

 

 

«Таза Қазақстан» - республикалық акциясын павлодарлық еріктілер мен белсенді жастар қолдап, жасыл желектер отырғызды дейді irbistv.kz тілшісі.

 

«Таза Қазақстан» - республикалық акция. Павлодарлықтар бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдады. Өңірде апта сайын сенбіліктер мен экологиялық марафондар өтуде. Аталмыш акция шеңберінде Павлодар қаласының 5 ауласында сенбілік өтіп, қайың ағаштары отырғызылды.

 

-Тамаша экологиялық акциямен біз бүгін бес аулаға 40 ағаш отырғызу үшін шықтық. Бұл жас қайың көшеттері. Кейін тұрғындар осы ағаштарға күтім жасайтын болады,-деді Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлзира Атабаева.

 

«Таза Қазақстан» республикалық акциясына павлодарлық еріктілер белсенді қатысуда. Мәселен, 10 адам Павлов көшесіндегі 96/5 және 93/1 үйлердің ауласын тазартып, жас қайың ағаштарын отырғызды.

 

- Павлов 93/1 үйде, осы аулада 20 жас қайыңды отырғызудамыз. Осы 20 жас қайыңға тұрғындар өздері күтім жасайды,-деді Жастар бастамаларын дамыту орталығы еріктілер бөлімінің басшысы Айжан Қали.

 

Шараның мақсаты аумақты көгалдандыру, қоршаған ортаны аялау, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасап, жастарды еңбекке баулу. Ал «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасын табады. Бастамаға кез келген тұрғын қатыса алады.