«Тіркеуге тұру үшін ақша керек»

Тек бұл ретте ешкім кепіл бере алмайды. Виктор Трихин өзінің тіркеусіз тұрып жатқанын кездейсоқ білген. Халыққа қызмет көрсету орталығына шетелдік төлқұжат рәсімдеуге келген кезде оған айыппұл төлеу қажеттігін айтыпты. Ер адамның айтуынша ресми тіркеу алудың өзі оңай емес, оның үстіне сені тіркеуге қойды ма, жоқ па ешкім ескертпейді дейді.

 

  • Мен тіркеуге тұратын орын тауып, мың доллар ақша төледім. Бірақ барлығы ауызша жасалды. Бұл жеті жыл бұрын болды. Тіркеуге тұру үшін ақша керек, - дейді тіркеусіз қала тұрғыны Виктор Трихин.

 

Ер адамды осыдан бес жыл бұрын пәтерден шығарып жіберген екен. Бұл уақыт бойы ешкім қоңырау шалып оны ескертпеген. Енді 21 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келеді. Сонымен қатар ресми түрде тіркеуге тұруы керек. Көші-қон қызметі мамандары әр адам өз тіркеуін өзі қадағалауы керек деді.

 

  • Әр азамат өзі тіркелген орында тұруға міндетті. Егер өз тіркеу орныңызды немесе тұрған жеріңізді өзгертсеңіз, басқа орынға барғанда міндетті түрде қайта тіркелуге тұруыңыз керек. Осылай жасаса, заң бұзушылықтар да болмайды, - деп мәлімдедіПавлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Кристина Анциферова.

 

Көші-қон қызметінде жалдамалы пәтерлерде тұратын адамдардың тіркелуін учаскелік инспекторлар бақылауы қажеттігін айтты.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы