• Басты бет
  • Қоғам
  • «Тұрғындар шағымдары негізінен салқын батареяларға қатысты»: Павлодарда жылыту маусымы штаттық тәртіпте өтуде

«Тұрғындар шағымдары негізінен салқын батареяларға қатысты»: Павлодарда жылыту маусымы штаттық тәртіпте өтуде

 

 

Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясына тек баспана ішіндегі жүйедегі қысымды ретке келтіру бойынша олқылықтар бар көрінеді. Ағымдағы жылыту маусымы штаттық тәртіпте үлкен мәселесіз өтуде. Тіпті, Усолка мөлтек ауданынан ешқандай шағым түспеген.

 

Павлодардағы жылыту маусымы бір айдан астам уақыт бұрын басталды. Тұрғын үй инспекциясы қыркүйек және қазан айларында ауа райы қолайлы болғанын алға тартты. Желіде және үй ішінде үлкен апаттар тіркелген жоқ. Кіші олқылықтарды жылдам жойып отырды.

 

-Бүгінде бірнеше үй бойынша төмен температуралық параметрлер бар екені анықталды. Қазір жылу желілерімен оларды жақсарту үшін жұмыс жасаудамыз. Негізінен мәселе үй ішіндегі көрсеткіштерді ретке келтіруде жатыр,-деп жеткізді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы .

 

Қала тұрғындарынан шағымдардың басым бөлігі бір жүйедегі салқын батареялар бойынша келіп түсуде. Кейде көршілері ыстық беруді жауып тастайды екен. Басқа жағдайларда жүйеде ауа бар болғаннан.

 

-Кейбіреулері жылуды шығу құбырынан алады. Осылайша, үйде толықтай жылу беру жүйесі бұзылады. Біріншіден пәтер ол әрбір азаматтың жеке мүлкі. Біз әрбіреуіне кіріп қарай алмаймыз. Өткен жылы кейбіреулері арнайы құралдарды қойғандарын анықтадық. Бір бөлмедегі екі батареяның шығу желісіне қосылған,-дейді Нұрлан Рашитов.

 

Осыған байланысты мамандар көршімен жақсы болу кеңесін беруде. Шенеуніктер кейбір ПИК-тердің жұмысын бақылауға алды. Олардың кесірінен бірнеше мекенжай жылыту маусымына дұрыс дайындалмаған.