• Басты бет
  • Қоғам
  • «Жалғыз жолды жапты»: «Энтузиаст» бағбаншылығы төрағасына тұрғындар шағымдануда

«Жалғыз жолды жапты»: «Энтузиаст» бағбаншылығы төрағасына тұрғындар шағымдануда

Енді адамдар жедел жәрдем, көмір және басқа да көліктерді одан да көп күтуге мәжбүр.

 

Фарида Сағатовна «Энтузиаст» бағбаншылығындағы Центральная көшесінде 8 жылдан аса тұрады. Әйелдің айтуынша оның немересі - мүгедек. Жағдайы нашарлаған жағдайда жедел жәрдем баспаналарын таба алмайды. Жуырда саяжай төрағасы Фариданың үйіне апаратын екі кіреберісті жауып тастаған.

 

-Бағбаншылық төрағасына шағымдарымыз көп. Адамдармен мүлдем араласпайды. Кездескісі келмейді. Екі ай бойы мен бұл қақпаны ашуды талап етіп келемін. Менен бөлек, мұнда мүгедек балалары бар екі жанұя тұрады. Мен облыс әкіміне шағымдандым. Кейін ол екі аптаға тақылеттес орналасқан көшені ашып, қайтадан жауып тастады,-деді Центральная көшесіндегі №182-үйдің тұрғыны Фарида Сакимова.

 

Қазір Фарида Сағатовна және бағбаншылықта тұрып жатқан 300-ге жуық баспана иелері көлікпен тек Ворушин көшесі арқылы келе алады. Ондағы жолдың сапасы көңіл көншітпейді. Қардан ешкім тазаламайды. Әйел не себепті жақын маңайда орналасқан қақпаны ашпайтынын білгісі келеді.

 

-Орталық кіреберіс Ворушин көшесінде орналасқан. Ол жылдың кез келген мезгілінде тәулік бойы ашық. Ал қыс мезгілінде қосымша кіреберістер жабылады. Оны бағбаншылық төрағасы ұрлық деректерінің көбеюімен байланыстырды. Біз тұрғынның өтініші бойынша тексеріске шықтық. Ворушин жақтан баспанаға кіруге болады,-деді Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Амир Смайлов.

 

Мамандардың айтуынша, саяжайға кірер жолдар бағбаншылық төрағасына тиесілі. Сол себепті тұрғындар қожайынға хат жазып, мәселені шеше алады. Бағбаншылық төрағасы ашылатын шлагбаум орнатуға болатынын жеткізді.