• Басты бет
  • Қоғам
  • «Жас ұрпақ» жастар үйіндегі жанжалдан кейін жауапқа тартылғандар бар

«Жас ұрпақ» жастар үйіндегі жанжалдан кейін жауапқа тартылғандар бар

Естеріңізге сала кетейін, жарық диодты лентаны бөлісе алмаған тәрбиеленушілер арасындағы жанжалдан соң Жастар үйінде қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде олардың бірін психиатриалық ауруханаға жіберді. Алайда дәрігерлер қызды бірден босатты. Кейін сот шешімі бойынша бойжеткенді бұзақылық үшін жазалады. Сонымен қатар тәрбиеші бойынша істі қарады. Жанжалды бастаған қыз ол мені ұрды деген болатын, алайда бұл расталмады. Дегенмен де қызметкерді жұмысынан шығарды. Және Павлодар облысында екі тәртіптік кеңес құрылды. Біреуі мектеп деңгейінде. Екіншісі республикалық ауқымда, яғни білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті негізінде болмақ. Олардың басты мақсаты - мұғалімдердің құқығының бұзылмауын қадағалау. 

 

- Көптеген педагогтер жүгінеді. Біз білім беру басқармасымен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Біз оларға кәсіподақ жүйесі бойынша жұмыс беруші есеп беру кезеңінің 10-шы күніне дейін төлейтінін айттық, - деді Павлодар облысы білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Еркімбек Аязбаев.

 

 

Білім саласын тексерушілер аймағымызда педагогтер жалақысы бойынша қарыз жоқ деді. Сонымен қатар пандемия кезіндегі жұмыс үшін де толық төлеген.