• Басты бет
  • Қоғам
  • «Жас Ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушілері мекеме басшысы үстінен шағымданған

«Жас Ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушілері мекеме басшысы үстінен шағымданған

Барлығы екі тәрбиеленушінің сөзге келіп қалғанынан басталған. Жанжалдың соңы төбелеске ұласты. Орталық басшысы полиция мен жедел жәрдем бригадасын шақыруға мәжбүр болыпты.

 

- Ол маған секіре бастады. Оны тәрбиешілер тыныштандыруға тырысты. Сосын директорды үстіне шақырды. Мен шыққан балалар үйіндегі таныс қызым мені басқа бөлмеге тығып қойды. Сол кезде Ангелина маған қайда тығылсаң да тауып алам деп айтты, - деді «Жас Ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушісі Ангелина Гостеева.

 

- Біз жарық диодты лентаны бөлісе алмадық. Мен сол кезде саған да, маған да жоқ деп оны үзіп тастадым. Ол қыз мені екі рет беттен ұрып жіберді. Осы кезде бөлмеге директор келіп айғайлап, қазір бригада мен инспекторды шақырамын деді. Мені бригада психиатриялық ауруханаға алып кетті.  Онда мен кәмелет жасқа толғандықтан жатпаймын деп кетіп қалдым, - деді «Жас Ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушісі Ангелина Толмачева.

 

Директордың айтуынша дәрігерлерді қыздардың қауіпсіздігі үшін шақырған. Себебі олар төбелес бастаған бойжеткенді өздері тыныштындыра алмаған.

 

- Біз полицияны, инспекторды шақырдық себебі бізде Жас ұрпақ жастар үйінде басқа да кәмелетке толмаған тәрбиеленушілер бар. Оларға қауіп төнді деп санағандықтан солай жасадық, - деді «Жас Ұрпақ» жастар үйінің басшысы Айжан Қойсоймасова.

 

Бүгін Ангелина және тағы бір қыз шағымдану үшін прокуратураға барған. Онда көрсетілгендей тәрбиеленушілер мұндағы жағдайға көңілдері толмайды. Айтуларынша тәрбиешілер ішіп келеді. Олардың ақшасына жөндеу жұмыстарын жасатқызады, даладағы телімді жинатқызады.

 

- Олардың әрекеті қаншалықты негізді болғанын анықтау қызметтік тергеу жүргіземіз. Біз ешкімді далада қалдырмаймыз. Барлығы біздің балалар. Тәрбиелік жұмыс атқарылады, - Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы.

 

Дінислам Болатханұлы енді орталық ішіндегі дәліздердің барлығына камера орнатылып, жанжал туындаған тәрбиеленушілер мен мұндағы қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Айта кету керек қазіргі таңда облыстағы мұндай жастар үйінде 105 тәрбиеленуші тұрып жатыр.