• Басты бет
  • Қоғам
  • «Жасыл Ел» жобасы аясында облысты 2000-нан астам жастар жұмыспен қамтылмақ

«Жасыл Ел» жобасы аясында облысты 2000-нан астам жастар жұмыспен қамтылмақ

 

 

 

Қазіргі кезде мыңнан астам жас белсенді өтініштерін жіберіп үлгерген, орындар 50 пайызға толған. Жалақы мөлшері әртүрлі. 35 мың теңгені мемлекет төлесе, қалғанын жұмыс беруші өз мойнына алады. Ең көп төлемақы құрлыс жасақтарына тиесілі. Олар биыл қос университеттің жастар үйінің құрлысына қатыспақ. Өзгелері жұмыстарын бастап та кетіпті.

 

- Биыл аталған жоба аясында 2100 жасөспірім жастарды, оның ішінде көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қамту жоспарлануда. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 64 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр,-дейді Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы істері жөніндегі бөлімінің бас маманы Азат Қабышев.

 

Мамандар көбіне экологиялық жасаққа қызығушылық басым дейді. Жұмыс сәуірден қарашаға дейін жалғасады. Айта кетейін, бүгінде мыңнан астам орын жастарды күтіп тұр. Өтініштерді өңірлік «Жасыл Ел» штабына хабарласу арқылы білуге болады.