«Жаз бойы ыстық сусыз отырмыз. Енді жылу да жоқ»

Адамдардың айтуынша, жақында орналасқан көпқабаттының барлығына ыстық су берілген. Мәселе аталмыш үйлерге апаратын желідегі апат салдарынан пайда болған. Жергілікті тұрғындар олқылықты жоюға ешкімнің асықпағанын айтуда. Жылыту маусымы жақындағанда аулаға техника келіп, қазба жұмыстарын бастады.  

 

- Не жылы су жоқ. Не жылу жоқ. Бізде қарт адамдар, зейнеткерлер, балалар балабақшаға барады. Балалар ауырып жатыр. Мына жерде екі ай болды су ағып, біз жылу желілері мамандарын шақырдық. Мамандар келі, істей алмаймыз. Бізде ондай құрал жоқ деп кетіп қалды, - дейді Құдайбердиев көшесіндегі №10-үйдің тұрғыны Жібек Айдарғазина. 

 

 

Энергетикалық компанияда қайнақ сусыз отырған үйлердің санын айтты. Басты мәселе желілердің тозу көрсеткішінің жоғары болуында. Салдарынан апаттардың саны артыпты.

 

- Бүгінде ыстық су Павлодардың 85 көпқабатты үйінде жоқ. Мұның басты себебі жылу желісіндегі ақаулар немесе жөндеу жұмыстары болып табылады. Олқылықтар жойылғаннан кейін барлық үйлер қайнақпен қамтамасыз етіледі. Кейін әрине жылу беріледі, - дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы Роман Гончаренко.

 

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Павлодарда 220 әлеуметтік нысанның батареялары жылынды. Ал тұрғын қордан 764 көпқабаттыға жылу берілді. Қалған үйлер қашан қосылады деген ақпаратты алпауыттың ресми сайтынан көруге болады.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.