«Зорлау, күштеп ұстау, қорлық көрсету болған жоқ», - дейді 11 жылға сотталған жігіттің анасы
Онда жапа шеккен қыздың суреттері мен бейнесі жарияланды. Полиция хабарлағандай сол кезде оны ешкім пәтерде күштеп ұстамаған. Алайда көршілері қабырғаның арғы жағынан айғай-шу естіген. Ал тәртіп сақшылары болса, бойжеткеннің өзін ренжітуші адамнан 7 апталық жүктілікте екендігін айтқан еді. Бүгін жігіттің анасы, ұлының қызбен ұзақ уақыт араласқандығын, және мұндай жағдайда оны қорлады деп айтудың өзі күлкілі деп мәлімдеді.
- Ұрып-соққаны болды. Мен оны жасырмаймын. Себебі олар көп ішімдік ішетін. Салдарынан араларында жиі жанжал туындайтын. Себебі қыздың өзі басқа біреуім бар деп, оның қызғынышын тудырып ашуына тиетін. Оның ұрғанын, қорлағанын мен ақтап тұрған жоқпын, - дейді жігіттің анасы Марина.
Айтуынша, қыз анасының талап етуімен арыз жазған. Яғни оны күштеген. Полицейлер де қазан айында жапа шегушіден екі рет өтініш алмақшы болғандарын айтқан еді, алайда ол бас тартқан. Ал күдіктінің анасы жазаны тым қатал деп санайды.
- Мен бұл істі сот үстірт қарады деп санаймын. Яғни олар тек қыздың жағын ғана қарастырды. Ал шындығына бұл іс бойынша нақты күштеп ұстау, қамау, зорлау жағдайлары болған жоқ. Біз осы сәттердің бәрін адвокатпен бірге сотта жеткіздік, айттық, - деді Марина.
Естеріңізге сала кетейін зорлау дерегі бойынша іске қатысты үкімді павлодарлық сотта маусым айының соңында шығарды. 25 жасар жігіт 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазір қорғау тарабы аппеляциялық шағым түсірген, және істі облыстық соттың қарауын күтіп отыр.