«Қаладағы шағын футбол алаңдары жабық болмауы тиіс»

Павлодардағы шағын футбол алаңдары баршылық, соған қарамастан көп жағдайда олар балаларға қолжетімсіз болып жатады. Үлкендер кішкентайларды қуып шығады, алаңдар жабық тұр деген шағымдар арнамызға жиі келіп түседі. Спорт нысандарына жауапты мекеме өкілдері, алаңдар барлығына қолжетімді екендігін алға тартты.

 

- Біздің спорт бөлімі шағын футбол алаңдарын жалға бермейді. Қарамағымызда ондай 22 нысан бар, барлығында жасанды жабын төселген. Тегін түрде ұсынылады, - дейдіПавлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Руслан Даутеков.

 

 

Соңғы кезде «Ирбис» арнасына №16 мектеп қасындағы футбол алаңының жабық болуына қатысты шағымдар жиілеп кеткен соң, аталмыш жағдай бойынша спорт басқармасына хабарласып, нысан жергілікті балақайлар үшін өз есігін қайта ашты. Аула аяқдопшылары бұрын бұл жерде тек үлкендере ғана ойнағандығын жеткізді.Ауладағы алаңдар ашық болу керек екен, ал мектеп қасындағы нысандар бойынша оқу орда әкімшілігінен рұқсат алған жөн дейді мамандар.

 

- Дене шынықтыру және спорт заңына байланысты барлық спорт алаңдары тегін түрде ұсынылады. Барлық тұрғындар мен балаларға алаңдар сағат 18:00 дейін ашық және қолжетімді болу керек. Егер құлып қойса, сол нысанға жауапты мектеп әкімшілігіне немесе білім беру бөліміне хабарласу керек, - деді Руслан Даутеков.

 

Шағын футбол алаңдары бойынша толық ақпаратты Торайғыров көшесі, 85/1 мекенжайы бойынша немесе 62-22-50 балалар мен жастар орталығында анықтауға болады.