• Басты бет
  • Қоғам
  • «Қазақстан Алюминий» акционерлік қоғамында өз ісінің кәсіби шеберлерін күтуде

«Қазақстан Алюминий» акционерлік қоғамында өз ісінің кәсіби шеберлерін күтуде

Рекрутер лауазымына үміткерлердің идеялары аз емес. Оны конкурс түрінде өткізген. Павлодар алюминий зауытының  HR бизнес-серіктесі Александр Носов біраз уақытқа акция қатысушыларының оны кәсіпорында жұмыс істеуге көндіру міндетімен мақсаты болған.  

 

- Біз Павлодар қаласының тұрғындары арасында сауалнама өткізіп келесі нәтижеге келдік. Басым бөлігі Қазақстан Алюминийінде жалақы төмен деп санайды. Сіздерді қуантқым келеді. Бірінші шілдеден бастап жалақы айтарлықтай өсті. Айта кететіні бұл жыл басынан екінші рет көтерілуі. Қазақстан Алюминийі ауқымды акция өткізуде. Бірінші кезеңі рекрутерлерді іріктеу болып табылады, - дейді Павлодар алюминийі зауытының HR бизнес-серіктесі Александр Носов.   

 

Бұл акцияда «Қазақстан алюминийі» АҚ студенттер мен түлектерге басымдық береді. Сондықтан Торайғыров университетінде бас қосты.

 

- Бізге белсенділік, олардың қазір әлеуметтік желілерде жұмыс істейтін жастық жігері қажет. Сайттарда олар барлық құралдарды дәл осы желіде пайдаланса дейміз, желілерде жай ғана отырмай, сонымен қатар пайда әкелуі қажет.  Олар үшін жалақы да өте лайықты болады, - деп атап өтті Александр Носов.         

 

Дамира Узханова - бүгінгі үміткерлердің бірі. Жақында университетті бітірді. «Металлургия»мамандығы бойынша білім алған. Оның айтуынша рекрутер болып жұмыс істеу ол үшін жаңа әрі қызықты тәжірибе.

 

- Қалай болғанда да, өзіңізді сынап көруге тұрарлық, себебі бұл қызықты. Адамдармен жұмыс жасау,  әркімнің қызықты жақтары, қасиеттері, әңгімелері бар, - деп ескертті Дамира Узханова.

 

«Қазақстан алюминийі» АҚ-да 250 -ден астам бос жұмыс орны бар. Кәсіпорындағылар зауыт жұмыскері бола отыра әр адам тұрақты жалақыдан бөлек, мансаптық өсу мен айтарлықтай әлеуметтік кепілдіктерге ие болады. Бұл тегін медициналық қызметтер, оқу және кәсібін қайта өзгерту, баспана жағдайын жақсарту тағы басқалары. «Қазақстан Алюминийі» АҚ-да нағыз кәсіби мамандар үшін әрдайым есік ашық.