• Басты бет
  • Қоғам
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ 1-ЖЭО жаңа жылыту маусымына толықтай дайын

«Қазақстан алюминийі» АҚ 1-ЖЭО жаңа жылыту маусымына толықтай дайын

Айта кету керек, Еуразиялық Топ құрамына кіретін "Қазақстан Алюминийі" акционерлік қоғамының Павлодар 1-ЖЭО 1964 жылы пайдалануға берілген. Станциядағы белгіленген электр қуаты - 350 МеВТ, жылу қуаты-1182 Гкал. Бұл зауытты бумен және электр энергиясымен, ал Павлодар тұрғындарын жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыс үздіксіз жүруі үшін жабдықты төрт жылда бір рет жөндеуден өткізіледі

 

«Жөндеу жұмыстарынан кейін қазандықта пайдалы әсер коэффициенті жоғарылап, шартты отынның нақты шығыны азайды. Тұтастай алғанда, ЖЭО-да отын қоры нормативтік сипаттамаларға сәйкес келеді. Жылу беру кезеңіне кіруге арналған жабдықтардың құрамы бар. Жаңа жылыту маусымына толық дайынбыз», - дейді Илья РОЖКОВ "Қазақстан алюминийі" АҚ ЖЭО бастығы.

 

 

Күрделі жөндеу сенімді жұмысқа ғана емес, сонымен қатар оның экологиялық тазалығын қамтамасыз етеді. Бұл мәселе кәсіпорынның басты назарында.

 

- 780 миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылды, оны монополист инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептің қорытындысы бойынша игерді. Айту керек, станцияның техникалық жай-күйі тиісті деңгейде сақталуы үшін жыл сайын инвестициялық бағдарламада осы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін шамамен 400 миллион қаражат саламыз, - дейді Ибрагим ТАНГИЕВ, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы.

 

2021 жылға дейін «Қазақстан алюминийі» АҚ жылу тарифінің өсуін тежеді. Бұл ретте, көмір бағасының қымбаттауымен қызметтердің құны аздап көтерілді. Кәсіпорын павлодарлықтардың биылғы жылыту маусымын толыққанды қамтамасыз ететінін мәлімдеді.