«Қазақстан алюминийі» АҚ көптен күткен таза ауадағы спорт жарысын ұйымдастырды
Қыстыгүні өтетін көңілді бас қосуға қызметкерлер өз отбасымен қатысқан. Әйелдер пиманы алысқа лақтыру бойынша жарысса, ер азаматтар эстафеталар мен гір көтеруден үздіктерді анықтады.
-«Қазақстан Алюминийі» АҚ жұмыскерлері пандемиялық үлкен үзілістен кейін, қысқы фестивальде бас қосып отыр. Бұрын шара жылда өткізілетін еді. Бейресми түрде кездесіп, сөйлесіп, өзара араласып, көңіл көтеру үшін керемет мүмкіндік. 400-ге жуық қызметкер жиналды. Көбі балаларымен келді,- дейді «Қазақстан алюминийі» АҚ ПАЗ, ЖЭО, КӘК HR бизнес-серіктесі Александр Носов.
«Қазақстан Алюминийі» АҚ тек өндірістік қана емес, спорттық рекордтар жасауда. Қатысушылар бұндай фестиваль ұжымның берік болуына, жағымды әсер етеді. Сондықтан кәсіпорын басшылығы жұмыскерлердің салауатты өмір салтын ұстануы және бос уақытын тиімді өткізуіне көп көңіл бөледі.
-Жарыс деңгейі артып келеді. Зауыт басшылығы спортты қолдайды. Барлық түрлері бойынша командаларымыз бар. Колледжен келген жастар спортқа тартылады. Бізде көптеген жарыстар өткізіледі. Биыл цехтар арасында спартакиада өткізу жоспарда бар. Жыл бойы түрлі сайыстар өтеді,- Павлодар алюминий зауыты техникалық қызмет көрсету цехының слесарь-жөндеушісі Олег Сидоренко.
Арқан тарту, шана тебу, пима лақтыру сынды сайыстар арқасында қатысушалар суық күні бойларын тез жылытып отырды. Көңіл күйге аниматорлар да үлкен септігін тигізді. Пандемияның әсерінен мұндай демалыс көптен бері болмаған. Дегенмен, жиналғандар бұндай жарыс жылда жалғасын тауып, енді үзіліс болмайды деп үміттенеді.
Авторы:Азамат Айтхалин