• Басты бет
  • Қоғам
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның өзгертілген ұжымдық шарттына қол қойылды

«Қазақстан алюминийі» АҚ-ның өзгертілген ұжымдық шарттына қол қойылды

Ұжымдық шарт - «Қазақстан алюминийі» АҚ-да көп жылдар бойы қолданылып келе жатқан маңызды құжаттардың бірі. Ол әлеуметтік бағдарланған, еңбек заңнамасындағы өзгерістерді ескере отырып әзірленген. Аталмыш құжаттың арқасында кәсіпорын қызметкерлері тегін медициналық көмек, балаларын оқыту, санаторийлер мен демалыс базаларына жеңілдікті жолдамалар, мерейтойлық күндерге төлемдер және т.б. әлеуметтік қолдауларға ие болып жүр. Бүгінде ұжымдық шартқа тиімді өзгерістер мен жаңа тармақтар қосылып, әзірленген құжатқа салтанатты түрде қол қойылды.

- Өзгертілген тармақтар өткен шақта да болған. Оның өзгерген мөлшері ғана өзгерді. Ол пунктар болған онда. Мысалы, төлем ақшасы көп болған, мысалы, юбилейный дата дейміз ғой. 50-60-қа келгенде өткен шартта 50 мың болса, қазір 200 мың теңге. Сосын өткен шартта әйел адамдарға ғана берсе көмекті декретке шыққанда, қазір әкесіне де шешесіне де береді. Сондай-сондай пунктер көп, - деді «Қазақстан алюминийі» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұрат Уалиханов.

Қол қойылған жаңа ұжымдық шарттың жалпы 9 тармағы өзгертіліп, 7 жаңа тармақ пайда болды. Кәсіпорында атап өткендей, мұның барлығы қызметкерлердің қолайлы еңбегі мен әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында жасалуда.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.