• Басты бет
  • Қоғам
  • «Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкерлері студенттермен кездесті

«Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкерлері студенттермен кездесті

- Бүгінде барлығы ақпараттық технологияр, экономист, заңгер оқуына түсіп, дәнеркелеуші, электрші  сияқты мамандықтарды ұмытып жатыр. Қазір бізде бұл мамандарға сұраныс жоғары. Сондықтан жастарды кәсіпорынымызға жұмысқа тарту үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Бізде жақсы жалақы мен әлеуметтік пакет қарастырылған, - дейді Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкері Виталий КУКШИН

Бүгінде «Қазақстан алюминийі» АҚ-да мамандар кадр тапшылығын жасырмайды. Сондықтан жастар кәсіпорында тұрақтап қалуы үшін барлық жағдайды жасауда.

«Кәсіпорындағы жұмыс тұрақты. Компанияға жұмысқа орналасқандарға даму бағдарламасы қарастырылған. Қарапайым жұмысшы болып келіп, ынта білдіріп, білім алудың арқасында шебер, телім немесе ауысым бастығы деңгейіне дейін көтерілуге болады. Бүгінде біздегі шебердің жалақысы 400 мың теңгені құрайды, -деп түсіндірді «Қазақстан алюминийі» АҚ қызметкерлер және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі операциялық директоры Дмитрий Павлов.

«Қазақстан алюминийі» АҚ-да 250-ден астам вакансия бар. Зауыт қызметкерлерінің айтуынша жұмысқа орналасқан адам жоғары жалақы, сондай-ақ, тегін медициналық қызмет, білім алумен қатар қолжетімді баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорынның қызметкерлеріне жасаған жағдайдың бірі бөлігі ғана.