• Басты бет
  • Қоғам
  • «Қазақстан Алюминийі» АҚ өз зейнеткерлерін назардан тыс қалдырмайды

«Қазақстан Алюминийі» АҚ өз зейнеткерлерін назардан тыс қалдырмайды

Ардагерлерді жайлы демалысқа жөнелту дәстүрге айналған. Баянауылдағы «Кристалл» демалыс базасында кәсіпорынның қазіргі қызметкерлері ғана емес, «Қазақстан Алюминийі» АҚ зейнеткерлері де күш қуат жинап керемет әсер алуда. Олар үшін бұл сапар ескі достармен уақыт өткізуге, жаңалықтарды талқылауға және күйбең тіршілікті бір сәтке артқа тастауға таптырмас жағдай.

- Ауа райына қарамастан демалысқа бара жатырмыз. Күннің көзі ашылады деген сенімдеміз. Ең бастысы өзіміздің ниетіміз. Барлығы керемет болатынына кәміл сенімдімін, - деді «Қазақстан Алюминийі» АҚ ардагері Леонид Жужгин.

- Көптеген зейнеткерлерді кезіктіремін, олар маған қызыға қарайды. «Қазақстан Алюминийі» АҚ бізді ұмытпай осындай сый көрсететіні қатты қуантады, - деді «Қазақстан Алюминийі» АҚ ардагері Тамара Бонова.

Бұл жолы 110 зейнеткер демалысқа аттанады. Оларды бағалы сыйлықтармен серуендер, қызыққа толы конкурстар секілді естен кетпес апта күтіп тұр. «Қазақстан Алюминийі» АҚ демалыстың барынша қызықты және жайлы болуын қадағалайды.

- Бәрі ойдағыдай. Жататын жерлері таза, жылы, теннис, биллиярд бәрі орынында. Экскурсия бар 3-4 рет күніне. Тамақ бәрі тамаша. Біздің зейнеткерлер барып жақсылап демалуына ойдағыдай жасалынған, - деді «Қазақстан Алюминийі» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұрат Уәлиханов.  

Бұл ретте, өндіріс ардагерлері ғана емес, сонымен қатар жас мамандарды дамыту да маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінде «Қазақстан Алюминийі» АҚ-да жаңа кадрларды іріктеу бойынша ауқымды науқан жалғасуда. Кәсіпорынға 300-ден астам жұмысшы қажет.