• Басты бет
  • Қоғам
  • «Қазақстан электролиз зауыты » АҚ табиғатты қорғау шаралары

«Қазақстан электролиз зауыты » АҚ табиғатты қорғау шаралары

-Кәсіпорын айналасында, санитарлық-қорғау аймағында 300 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Абаттандыру мен көгалдандыру жобасы толық көлемде орындалды. Қамтылған аумақ көлемі 41% құрайды. Осымен тоқтап қалған жоқпыз, кәсіпорын жыл сайын жасыл саябақтарды жаңарту, ағаштарды ауыстыру шараларына ат салысады,- деді  «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті Бауыржан Смайлов.

 

Көгалдандыру науқаны тек кәсіпорын аумағында ғана емес, қалалар ішіндегі саябақтарда да жиі көрініс табады. «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодардың өзінде 1500 ағаш отырғызды. Оның басым бөлігі қала әкімдігіне тиесілі Ворушин саябағында. Кәсіпорын қызметкерлері ол жерге сенбілік жасау үшін жиі келіп тұрады. Бұл ірі шаралардың тек бір бөлігі ғана.

 

-Биыл  9 айдың ішінде 350 млн тг игерілді. Негізінен газ тазалау қондырғыларын, жентектеу және кальцинация  пештерін, күлтұтқыш аппаратты және жылу электр орталығын  жөндеуге жұмсалды, -дейді  Павлодар алюминий зауытының директоры Александр Фролов.

 

«Қазақстан алюминийі» АҚ мен  «Қазақстан электролиз зауыты» кіретін Еуразиялық Топ қазақстандық кәсіпорындардың ауаға қатты заттардың шығарылуын төмендету стратегиясын жүзеге асыруда. Оның аясында жентектеу цехындағы пештердегі электр сүзгілерді кезеңмен ауыстыру жоспарлануда. Жалпы кәсіпорында 15 электр сүзгісі бар. Оларды кезең-кезеңмен ауыстыру  2030 жылға дейін жалғасады. Жобаны жүзеге асыру құны 34 миллиард теңгені құрайды. «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «Қазақстан электролиз зауыты» барлық республикалық экологиялық талаптарға сай өндіріс ошақтары. Қоршаған ортаны сақтап қалу қос кәсіпорынның ерекше назарында, әрі бұл бағыттағы жұмыстары жалғасуда.