«ҚЭЗ» АҚ электролизерлерді күрделі жөндеуден өткізуде

Электролизерлер қымбат жабдық. Сол себепті оның футировкасын жаңарту яғни арнайы отқа төзімді материалдармен қаптауға ерекше көңіл бөлінеді. Және ол жыл сайын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар негізінде өтеді. Осылайша оны пайдалану мерзімі ұзартылады. Орташа есеппен бұл 5,5 жыл. 

 

- Ол төрт кезеңде өтеді. Жабдықты сөндіруден бастап оны орнатуға дейін. Бұл футировканы қағымдау, катод қаптамасының металлоконструкциясын түзету, футировканың өзі, сәйкесінше жабдық жанында тұратын электролиз серияларын орнату, - деді «ҚЭЗ» АҚ бас механигі қызметінің футировка және металлоконструкция бойынша жөндеу инженері Владимир Кулагин.

 

ҚЭЗ электролизерлерінің күрделі жөндеу учаскесінің жөндеу қабілеттілігі айына 6 электролизерді құрайды. Жыл басынан 50 күрделі жөндеу өткізілген. Катод құрылғысының сенімділігін арттыру жабдықтың тиімділігін арттыруға әкеледі. Ал бұған кәсіпорында басымдылық беріледі. ҚЭЗ өнімінің жоғары сапасын шетелде жоғары бағалаған.

 

- Біз түрлі материал қолданамыз кірпіш, селикат, карбид-кремний плиталары, отқа төзімді плиталар, жөндеу 9-10 тәулікті талап етеді. Одан кейін жұмысқа алуға болады, - дейді «ҚЭЗ» АҚ №1ЦЦР УКР отқа төтеп берушісі Қуаныш Жакупов.    

           

Электролизерлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда. ҚЭЗ сападан үнемдемейді, сол себепті қалпына келтіру кезінде ең үздік материалды пайдаланады.