«Қоқыс контейнерлері қайда кетті?»

Бірнеше күн бұрын бұл жерде қоршалған қоқыс орны және контейнерлер тұрған. Адамдардың айтуынша, жуырда коммуналшылар қоршауды бұзып, жәшіктерді алып кеткен. Оның орнына «қоқыс тастамаңыздар» деген хабарлама ілулі тұр. Бұған қарамастан, адамдар үйреншікті жерге пакеттерін қалдыруда. 

 

- Өткен жылы көпқабатты үйіміздегі қоқыс желісі дәнекерленді. Жуырда коммуналшылардың бастамасымен бұл жерде тұрған қоқыс контейнерлерін алып кетті. Енді біз қоқысты қайта лақтырамыз? Өтіп бара жатқандар бұрынғы контейнерлердің орнына қоқыс тастап кетеді, - дейді Баян батыр көшесіндегі №9-үйдің тұрғыны Ирина Воробьева.

 

- Бұл ақылы-есі кем адамдардың әрекеті деп санаймын. Көршілерім қоқыс лақтырмайтынына сенімдімін. Таңертең жұмысқа кетіп бара жатқан адамдар асығып, контейнердің жоқтығына қарамастан, бұрынғы орынға пакеттерін лақтырып кетеді, - дейді Баян батыр көшесіндегі №9-үйдің тұрғыны Наталья Черданцева.

 

Аталмыш мәселеге қатысты қала әкімдігіне сұраным жіберілді. Мамандар мәселені зерттеп, жауап дайындауда. Сол уақытқа дейін аталмыш көпқабатты үй тұрғындары қоқыстарын пәтерде сақтауға мәжбүр болады. 

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.