• Басты бет
  • Қоғам
  • «Үйде -16-18 градус». Павлодардағы көп қабаттылардың біріндегі пәтерлерде суық

«Үйде -16-18 градус». Павлодардағы көп қабаттылардың біріндегі пәтерлерде суық

- Жыл сайын күзде жылыту маусымы басталғанда пәтеріміз салқын болады. Үйде киініп жүруге мәжбүрміз. Жертөледе ешқандай жұмыстар жүргізілмейді. Оның іші суға толы. Біз ПИК-ке ақшаны не үшін төлеп жүрміз? - дейді Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі №381-үйдің тұрғыны Ислам Гималиденов.

 

- Балалар бөлмесінде 16 градус. Басқаларында -17-18 градус. Барлық инстанцияларға шағымдандық. Алайда, бұдан еш нәтиже жоқ. Ешкім ештеңе істегісі келмейді. Менің ойымша жертөледегі құбырлар тозып біткен. Оларды жарып алмас үшін үйімізге жылу минималды температурамен берілуде, - дейді Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі №381-үйдің тұрғыны Любовь Болотина.

 

Аязды ауа райына байланысты соңғы тәулікте тұрғын үй инспекциясы бөліміне қала тұрғындарынан жылу жетіспеушілігі бойынша 15 өтініш келіп түскен.

 

- Мәшһүр Жүсіп, 381 мекенжайы бойынша қаңтарың 26-сы біздің бөлім мамандары және «Жылу желілері» ЖШС-нің өкілдерімен тексеріс жүргізіледі. Себебі, бізге келіп түскен ақпарат бойынша аталмыш көпқабаттыда жылу жетіспеушілігі болуы мүмкін, - деді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Бақытгүл Базылова.

 

6 мекенжай бойынша жылыту кемдігі расталды. Барлық материалдар монополияға қарсы департаментіне жіберілді. Олар алпауытқа қатысты шара қолданатын болады.