• Басты бет
  • Қоғам
  • «Үнсіз қалма!» - зорлы-зомбылыққа тап болғандардың оқиғалары бойынша көрме

«Үнсіз қалма!» - зорлы-зомбылыққа тап болғандардың оқиғалары бойынша көрме

Бұл жыныстық сипаттағы зорлықты басынан өткерген қыз балаларының адам нанғысыз баяндамалары. Жанына сол кезде шамамен қандай киімде болғаны көрсетілген. Бұл қаскөйлердің адам киміне қарамайтынын аңғартып тұр.

 

- Мұндағы киімдер зорлықтың киімге қатысы жоқ екенін айшықтап тұр. Бізге белгілі жәйттардың жартысы балалық шақта болғанын анықтадық. Ал екінші жартысы туысқандардың, жақын адамдардың тарапынан жапа шеккендер, - дейді ерікті Амина Чайа.

 

Жәбір көргендердің еш кішкентайы 5 жаста болыпты. Кейбірі оқиғаны бірнеше жылдап жасырып, айтуға дәті бармағанын жазған. Мұның психологиялық соққысын елестету қиын. Арнайы жоба қала тұрғындарының назарына бірнеше бір апта көлемінде ұсынылмақ.