«Үсік шалған адам бірден дәрігерге көріну керек»

Дәрігерлер пациенттердің бәрі түрлі жағдайда үсікке шалдығатынын айтуда. Олардың арасында 1 адамға ота жасалды. Тағы біреуі жалпы салқындаумен жеткізілді.

 

- Ол Усолкада балық аулау кезінде мұздың астына түсіп кетті. ТЖ қызметкерлері бізге жеткізді. Бәрі сәтті өтіп, ол қазір үйіне жіберілді. Айта кететіні, ол ессіз болды. Сондықтан балықшылардан сақ болуларын сұраймын, - деді №1-ші қалалық аурухананың күйік шалу бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қанжығалин.

 

Ақ халаттылар балықшылармен қатар үсік шалғандардың қатарында ішімдік ішкендер де бар екенін айтты. Тұрғылықты мекенжайы жоқ пациенттер де жүгінген. Дәрігерлер қандай жағдай болмасын бірден маман кеңесін алған дұрыс дейді. 

 

- Мен үсікке шалдыққан адамдардың бірден мамандарға жүгінулерін сұраймын. Кейбіреулері мас күйінде болуы мүмкін  немесе жұмыстан ресми түрде сұранулары қажет шығар. Дегенмен бірден келу қажет. Себебі мұндай жағдайда әрбір минут маңызды, - деді Марат Қанжығалин.

 

Дәрігерлердің айтуынша жыл сайын маусымына 80-нен 110-ға дейін үсік шалған адам ақ халаттылардың көмегіне жүгінеді. Сондықтан алдағы уақытта келушілердің саны артуы мүмкін дейді.