• Басты бет
  • Қоғам
  • Індет кезінде №1 перзентханада ашылған инфекциялық госпиталь жабылды

Індет кезінде №1 перзентханада ашылған инфекциялық госпиталь жабылды

Айта кететіні, 2 жыл үзіліссіз жұмыс істеген бөлімшеде 3000-ға жуық нәресте дүниеге келді. Инфекциялық госпиталь болып құрылған акушерлік-гинекологиялық бөлімшеге 2 жыл бойы тек COVID-19 белгілері бар жүкті әйелдер жатқызылды. Ақ халаттылар да ана мен сәбидің өмірін сақтап қалу үшін күшейтілген режимде еңбектенді. Енді бұл перзентхана бұрынғысынша жұмыс істеп, барлық жүкті әйелдерді қабылдайды.

 

-Әрине қиын болды.. Жақындарымызға, үйдегілерге, достарымызға ауруды жұқтырмау үшін басында осында 3 ай тұруға мәжбүр болдық. Қаншалықты қиын болғанымен өз міндетімізді атқардық. Адамдар басында сенбейтін. Жүкті әйелдер мен нәрестелердің өмірін сақтап қалдық,- дейді акушерлік-гинекологиялық госпиталь меңгерушісі Орал Жөкебаев.

 

Жүкті әйелдердің 1500-дейі коронавируспен босанған. Айта кететіні бұл еліміз бойынша ашылған жалғыз бейінді емдеу мекемесі болды.

 

Авторы:Арнагүл Исабекова