• Басты бет
  • Қоғам
  • Індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге 850 мың теңге көлемінде үстемақы төленіп келеді

Індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге 850 мың теңге көлемінде үстемақы төленіп келеді

Мұндай ынталандыру төлемдері медицина қызметкерлеріне жалақыларынан бөлек ай сайын аударылады. Сомасы маманның 3 категорияның қайсысына жататынына байланысты.

 

- Бірінші категория инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері және реанимация қызметкерлері 20 ең төменгі жалақы алады, яғни 850 мың теңгеге дейін. Екінші категория ол жедел жәрдемнің дәрігерлері мен фельдшерлері және мобильдік бригадалардың қызметкерлері, олардың үстемақылары 10 ең төменгі жалақыға дейін. Яғни 425 мың теңгеге дейін, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Касимов.

 

Ал карантиндік госпитальдердің қызметкерлері, жедел жәрдем жүргізушілері, қабылдау бөлімдерінің персоналы 212500 теңге көлемінде үстемақы алады. Бұл мақсатқа өткен жылы қордан 6,4 миллиард теңге бағытталса, биыл 5,9 миллиард төленген.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова