Ісі бойынша лаундж-барда жарақат алып қайтыс болған жігіттің өліміне туысы кінәлі деген күдікке ілініп отыр
Туыстары әлеуметтік желілер арқылы оны ұрып-соғып, баспалдақтан құлатып жібергенін айтты. Кейін ол емдеу мекемесінде қайтыс болды.
Әлішердің әпкесі тергеу тоқтап тұр дейді. Айтуынша, күдіктінің туыстары жағдайды шатастырмақ ойда. Тергеліп жатқандар - марқұмның қайын жұрты.
- Күдіктінің үлкен ағасы куәгерлерге қысым көрсетеді. Олар жазадан құтылу үшін пара беруге тырысуда. Және олар куәгерді кінәні өз мойнына алуға көндіруге тырысуда. Бұған дейін куәгерге кінәні өз мойнына алу туралы ұсыныстар болды және олар сол үшін материалдық көмек ұсынды, - дейді Әлішердің әпкесі Рената Жұмаділова.
Әлішердің туыстары өз талаптары мен наразылықтарын әлеуметтік желілерде белсенді түрде жариялауда. Олар қылмыстық іске барынша назар аудартпақ. Бұл арада қайғылы оқиға болған түні сонда жұмыс істеген лаундж-бардың бұрынғы қызметкерлері де өз пікірлерін айтты. Олар марқұмның туыстары тарапынан қысым көріп жатқанын жеткізді.
- Марқұмның туыстары маған мекеменің жалға алушысына, ол маған қысым көрсетіп жатыр, менің айтқанымды өзгертуді сұрады, олай емес деп арыз жазуды сұрады. Төбелес болмағанымен, мен оны көрдім дегендей, - дейді лаундж-бардың бұрынғы бармені Алексей Катунин.
- Біз ешкімнен жасырынбадық. Содан кейін марқұмның туыстары жағынан ақпараттық қудалау басталды. Мен олардың қайғы-қасіретін түсінемін, бірақ барлық теріс пікірлер біздің тарапқа айтылуда, онда болмаған оқиғалар туралы сөз болғанда, жеке өзіме айып тағылғанда енді үнсіз қала алмадым, - деп ағынан жарылды лаундж-бардың бұрынғы әкімшісі Камила Акрамова.
Ал полиция тергеуді жалғастыруда. Бап өзгермеген - абайсызда адам өліміне алып келген денсаулығына ауыр зиян келтіру. Айта кететіні, тағы бір іс ашты.
- Куәгерлердің біріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында біз ҚР Қылмыстық кодексінің 422-бабы бойынша, яғни пара беру, жалған куәлік беру бойынша материалдарды бірыңғай сотқа дейінгі тексеру реестріне тіркедік. Бұл қылмыстық істер бойынша тергеу Полиция департаменті басшылығының бақылауында, - деді Павлодар облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Талғат Арынов.
Марқұмның туыстары іс бойынша 14-ке жуық куәгер бар дейді. Қоғамға ештеңе айтуға болмайды, олар ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойды. Естеріңізге сала кетейік, 24 жастағы Әлішер Советхан лаундж-барда алған жарақатынан қайтыс болды. Ауруханада, оған кейін өкпе қабынуы диагнозы қойылды.