Қайырбаев, 96 ауласындағы құрылыс жұмыстары тоқтатылмақ

Бұл - Қайырбаев, 96 мекенжайы. Соңғы ай бойы мұнда жергілікті тұрғындар мен кәсіпкер арасындағы жанжал тоқтамауда. Бизнесмен «Үйдің қасындағы дүкен» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстарын бастаған. Естеріңізге салсақ, жалпы аумағы 282 шаршы метрді құрайтын жер телімде бұрын газ қондырғылары болған. Қалада мұндай 130 учаске бар. 2017-ші жылы олардың 64-і «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясына» берілді.

 

- «Павлодар» ӘКК-сы 2019-шы жылы 13 учаске бойынша жалға алу құқығын берді. Өткен жылы 13 жер телімі сатылды. Бүгінде біз бағдарлама күрделі жүзеге асып жатқанын көріп отырмыз. Сол себепті жазда бағдарламаға өзгерістер енгізілді, - деді «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылық төрағасы Мейрам Утешев.

 

Осы ретте, қыркүйек айында жаңа «Үйдің қасындағы бизнес» бағдарламасы пайда болды. Кәсіпкер нысанда кез келген коммерция түрін жүзеге асыра алды. Бұл уақытта, Қайырбаев көшесінің тұрғындары ауладағы құрылысқа қарсылық ретінде қол жинады. Шағымдарын қалалық әкімдікке жолдады. Соңғылары ӘКК-ға жүгініп, бұрын берілген жер телімді қайтару бойынша жұмыстар жасалуда. 

 

- Басшылық отырысында біз «Үйдің қасындағы дүкен» және «Бизнес» бағдарламаларынан бас тартуды шештік. Бүгінде 37 учаске қайтарылды. Енді 14-і қалды. Олардың келісімшарты 2018-ші жылдан ұзартылып келеді. Қазір жеке түрде әрбір кәсіпкермен жұмыс жасаймыз, - деді Мейрам Утешев .   

 

Оның ішінде Қайырбаев, 96 мекенжайы да бар. ӘКК-да жер телімі коммуналдық меншікке қайтарылады деді. Кәсіпкерге ғимаратты демонтаждау қажет деген ескерту жіберілді. Корпарация есебінен барлық шығын өтеледі. Бұдан бөлек, тағы 3 учаскені қайтару бойынша құжаттар әзірленуде.