• Басты бет
  • Қоғам
  • Қайырбаев көшесінің тұрғындары жылыту кемдігіне шағымдануда

Қайырбаев көшесінің тұрғындары жылыту кемдігіне шағымдануда

Қайырбаев көшесіндегі №72-үй тұрғындарының айтуынша, салқын батареялардың мәселесі бірнеше жыл бұрын пайда болған. Сол уақыттан бері қызмет көрсетуші ұйымға шағымданумен келеді екен. Соңғылары мәселені шешуге асықпауда деп санайды адамдар.

 

  • Жылу мәселесі екі жылдан аса шешілмей келеді. Батареяларымыз сәл ғана жылы. Оның үстінде ұйықтауға болады. Салдарынан үйдің іші суық. Ыстық су мәселесі де бар. Краннан сәл жылы су ағады. Үйде қарт адамдар балалар бар. Барлық инстанцияларға хабарластық. Олар еш шара қолданбауда, - дейді Қайырбаев көшесіндегі №72-үйдің тұрғыны Ольга Уткина.

 

Адамдар жертөледегі жылу құралдары тозып кеткендігін көрсетуде. Оларды қызмет көрсетуші ұйым уақытында ауыстырмаған. Салдарынан бүгін пәтердегі батареялар салқын. Оқиға орнына жуырда тұрғын үй инспекциясының мамандарын шақырған. Олар тексеріс жүргізіп, бүгін нәтижесімен бөлісті.

 

- Наурыздың екісі күні алпауыттың жылу инспекциясының бақылаушылары Қайырбаев 72 мекенжайына барып, жылу камерасының параметрлерін тексерді. Оның қорытындысы бойынша шығарылған актіге сәйкес жылыту кемдігі расталды. Кеше жылу желілері көршілес көпқабатты үйлерде жөндеу жұмыстарын орындады. Боллер және басқа да құрал жабдықтарда ақау жоқ. Қызмет көрсетуші ұйым бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастыруда, - дейді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Жанат Тускеев.

 

Күн жылына бастағандықтан бөлімге келіп түсетін шағымдардың саны біршама азайған. Бұған қарамастан әрбір өтінішті тексеруге тырысады. Жылыту кемдігі орын алған жағдайда мамандар барлық материалдарды жинап, монополияға қарсы қызметке жібереді. Олар алпауытқа қатысты тиісті шара қолданады.

 

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа